Құрметті Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындары!
Құрметті Алматы қаласы
Медеу ауданының тұрғындары!
Алматы қаласының Әкімшілігінің 2019 жылдың 28 ақпанда № 1/144 келіп түскен қаулысы бойынша ШЖҚ "№33 Қалалық емханасы" МКҚ аталуы "Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медеу ауданының бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы" Коммуналдықмемлекеттік кәсіпорны" деп өзгертілгенін Сіздерге хабарлаймыз.
Мекеменің мекен-жайы өзгертілмеді: Алматы қ., Медеу ауд., Қалдаяков көшесі, 74.
Семинар: "Этика және Деонтология"
13.02.2019ж. "N33 Қалалық емханасында" Бас дәрігердің орынбасары және педиатрия бөлім меңгерушісінің жүргізуімен емхана қызметкерлеріне "Этика және деонтология" тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарда "Этика және Деонтология" бойынша заманауи өзекті мәселелер жайлы айтылып, қызметкерлерден келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.