Медициналық қызмет көрсету сапасы айлық аясында № 33 Қалалық емханамызда 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылып , балаларға түрлі сыйлықтар таратылып бүлдіршіндеріміздің жүзіне күлкі үйірілді. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу.
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады.